Психолог » №5 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№5 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Психолог
Жалпы ата-аналар жиналысы
01
ноябрь
2023
Жалпы ата-аналар жиналысы
"Отбасы - тәрбие ұясы" тақырыбында мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында ата-аналар мен мектеп арасында байланысты орнату мақсатында баяндамалар оқылып, мектеп психологы А.С. Алакозова "Ата-ана баласымен бақытты" тақырыбында тренинг жүргізді. Ата-аналармен сұрақ-жауап жүргізу барысында түрлі мәселелер қозғалып, өзара пікір алмасты. 
Бастауыш сынып бірлестігімен "Жағымды көңіл-күй сыйлау" тренингі
13
октябрь
2023
Бастауыш сынып бірлестігімен "Жағымды көңіл-күй сыйлау" тренингі
Бастауыш сынып бірлестігімен "Жағымды көңіл-күй сыйлау" тренингі өткізілді. Тренингтің мақсаты: қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін еркін сезінуге көмектесу.
5-11 сынып оқушыларына "Ұл бала - ұлт қорғаны" ұлдар жиналысы
22
сентябрь
2023
5-11 сынып оқушыларына "Ұл бала - ұлт қорғаны" ұлдар жиналысы
2023 жылы 22-қыркүйек күні ДТІЖО С.К. Сарсенбаева, Т.Б. Лихан, медбике А. педагог-психолог А.С. Алакозова, С.Е. Конканова 5-11 сынып оқушыларына "Ұл бала - ұлт қорғаны" тақырыбында ұлдар жиналысын өткізді. Жиналыс барысында ұлдардың тәртібі, сыртқы келбеті, қоғамдық ортада өзін ұстауы, "Әлімжетік және бопсалау", "Зиянды әдеттерден сақтану", "Буллинг, кибербуллингті алдын-алу" тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.  Жиналыс соңында көңіл-күйін көтеру жаттығулары өткізілді. 
2023-2024 оқу жылындағы  5-сынып оқушыларының орта буынға бейімделу кезеңі
20
сентябрь
2023
2023-2024 оқу жылындағы 5-сынып оқушыларының орта буынға бейімделу
2023 жылдың 20-25 қыркүйек аралығында 5-сынып оқушыларынан орта буынға бейімделуі бойынша сауалнама алынды.
5-11 сынып оқушыларына "Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі" қыздар жиналысы
15
сентябрь
2023
5-11 сынып оқушыларына "Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі" қыздар жиналысы
2023 жылы 15-қыркүйек күні ДТІЖО С.К. Сарсенбаева, Т.Б. Лихан, медбике А. Кулхаева, педагог-психолог А.С. Алакозова, С.Е. Конканова 5-11 сынып оқушыларына "Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі" тақырыбында қыздар жиналысын өткізді. Жиналыс барысында "Зиянды әдеттерден сақтану", "Буллинг, кибербуллингті алдын-алу", қыздарға кеңестер айтылды. Жиналыс соңында көңіл-күйін көтеру жаттығулары жүргізілді. 
2023-2024 оқу жылындағы 1-сынып оқушыларының мектепке бейімделу кезеңін бақылау
04
сентябрь
2023
2023-2024 оқу жылындағы 1-сынып оқушыларының мектепке бейімделу
2023 жылдың 4-18 қыркүйек аралығында 1-сынып оқушыларының мектепке бейімделу кезеңін бақылау жұмыстары жүргізілді. бақылау барысында 1-сынып оқушыларының даму деңкейіне қарай таным үрдістерінің қалыптасуы барысында кездесетін кемшіліктерді түзетіп, қалпына келтіруге арналған психологиялық жаттығулар алынды.