«Ғұмырымыздың айнасы-қазақ тілі»
2-13 желтоқсан аралығында «Secondary school №5» МКМ-де «Ғұмырымыздың айнасы-қазақ тілі» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығы өтті Апталықтың мақсаты: Тіл – ұлттың мақтанышы, тірегі, жүрегі екендігіне кең түсінік бере отырып, оқушыларды елжандылыққа, туған тілін құрметтеуге, тілді ұлттық мұра ретінде қастерлеуге бағыттау, үйрету. Апталықтың 1-ші күні «Суреттер арқылы жасырылған мақал-мәтелдерді табумен» басталып, әрі қарай салтанатты түрде ашылуы өтті.