МАМАНДЫҚ ТАҢДАУДЫҢ БІР ЖОЛЫ - КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ » №5 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№5 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » МАМАНДЫҚ ТАҢДАУДЫҢ БІР ЖОЛЫ - КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ
12
ноябрь
2023

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУДЫҢ БІР ЖОЛЫ - КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ

Жоғары сынып оқушыларын жиі толғандыратын мәселелердің бірі – мамандық таңдау. Сондықтан мамандық таңдау – әр адамның өміріндегі өте маңызды кезең. Мамандық таңдау,  бұл – өз өмір жолыңды дұрыс таңдау.
Мектебімізде кәсіптік бағдар беру жұмысының  мақсаты – оқушыларға, олардың ата-аналарына сұранысқа ие мамандықтарды дұрыс және уақтылы бағдарлау және болашақты таңдауда қателеспеуге көмектесу.
    Кәсіптік бағдар беру жоспарына сәйкес 2023 жылдың 12 қарашасында мектебіміздің 10, 11 сынып оқушылары сынып жектекшілері Б.С.Темиртасова, К.М.Копеевамен  Алматы облысы, Қарасай ауданының орталығы Қасқелең қаласында орналасқан   Сүлеймен Демирель Университеті ұйымдастырған  «Арманыңа анық бас» атты ашық есік күніне  барып қайтты. Оқушылар университет қалашығын аралап, 3D lab, CHEM-BIO laboratory зертханалары мен әртүрлі мамандық  және оқу аудиторияларымен танысты.
Кәсіптік бағдар бойынша мотиватор Омарбек Көшкінбайұлы «Оян, талапкер» ұранымен түлектерге оқуға түсу шарттары, университет тарапынан қарастырылған жеңілдіктер және  даму мүмкіндіктері туралы ақпарат берді. Кездесу соңында оқушылар  студенттердің өмірімен танысып, қызығушылық танытып, алдағы уақытта білімін шыңдау мақсатында дұрыс бағдар таңдайтындарын  сөз етті.