Электронды темекінің зияны » №5 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№5 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Электронды темекінің зияны
18
июль
2023

Электронды темекінің зияны

Ағымдағы жылдың шілде айында Жаңадәуір ауылы «№5 орта мектеп» МКМ ұжымы балалар мен жасөспірімдер арасында Электронды темекінің зияны туралы түсіндіру жумыстарын жургізді. Электрондық темекі (вейп) қазіргі уақытта, әсіресе жасөспірімдер арасында үлкен танымалдылыққа ие болды. Вейп сұйықтықтарының құрамына кіретін никотин тұрақты физикалық және психикалық тәуелділікті қалыптастыратын нейротоксиндер мен алкалоидтарға жатады, бұл никотинге тәуелділікпен күресте электронды темекінің пайдасы туралы барлық дәлелдерді жоққа шығарады.Никотин тамырларды бұзады, жүрек –тамыр, тыныс алу жүйесінің жағдайын нашарлатады.Никотинді үнемі қолдану, тіпті аз мөлшерде болса да, ауыр ауруларға әкеледі, бұл вейптің жасөспірімдерге тигізетін зиянын тағы бір рет растайды. Жоғарыда аталған аурулардан басқа: гастрит, асқазан жарасы, жүрек проблемаларын туғызады.