тарих » №5 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№5 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
февраль
2022

тарих

Жаңадәуір ауылының мектебінің тарихы жайлы мәлімет. 

1945 жылы Жаңадәуір ауылында бастауыш мектеп ашылып, директоры Салимбаев Қабдыуали атты азамат сайланды. 

1950-1955 жылдары бастауыш мектеп директоры Бетебаев Бөкежан оқу ісінің меңгерушісі – Имажанова Зейнеп атты кісілер болды. 

1959-1963 жылдары мектепті осы ауыл тұрғыны Нусупбаев Дауылбай деген азамат басқарды. 1963 жылы семья жағдайымен Жаңаталап ауылына көшіп барып, жетіжылдық мектепке директор болды. 

1963 жылы мектеп жанынан интернат ашылып, шабандар отбасынан 50 бала қабылданды. Мектеп директоры болып Даулетов Қойбағар тағайындалып, 1968 жылы Нұрмұханова Анаркүл завуч болды. Осы жылы Даулетов Қ дүние салды. 1969-1973 жылдары мектеп директоры Амандыков Құстүтін сайланды. 1945-1972 жылдары мектеп ескі балабақша, колхоз кезіндегі контора болған ғимараттарда болды. 1973 жылы мектеп жаңа (осы) ғимаратқа көшті. Мектеп директоры болып Қаспақбаев Әбіл Әкімжанұлы сайланды, онжылдық мектеп болды, мектеп жанындағы интернатқа 120 бала қосылды. Байсерке аймағындағы 6 ауылдың балалары 8 сыныптан кейін осы мектептен 10 жылдықты бітіріп кетті. Мектеп завучы Бахтина Людмила Кузьминична болды1975 жылға дейін. 

1975 жылы Қаспақбаев кешкі мектепке директор болып ауысты. 

1975-1978 жылдары мектеп директорлығына Исахметов Нүсіпбек Исахметұлы, оқу ісінің меңгерушісіне Дунгенова Қази Дунгеновна тағайындалды. 1978 жылы Исахметов Н.И. аудан орталығына ауысып кетті, Құрманғожаев Болатжан Талғар қаласынан келіп диркеторлыққа тағайындалды. Завинтернат болып Қозыбаева Келсінай Тоқпайқызы бекітілді. 1983 жылы Құрманғожаев Б.Қ. дүние салды. Директор болып Нұрмұханова А.Н. тағайындалды. Осы жылы екінші завуч болып Түстүкбаева Әбдібала бекітілді. 1990 жылы Жұмадилова Х.А: зейнеткерлікке кеткен Дүнгенованың орнына завуч болып келді. 

1996 жылы мектеп жанындағы интернат жабылды, көрші ауылдың бәрінде 10 жылдық мектептер ашылды. 1995 жылдан бері аудан бойынша мектебіміз сенім мектебіне енді. Алғашқы медалистерді мақтан етеміз: Ортлиб Ольга, Абилов Нұрлан, Сайлаубуй Зауре, Балбазарова Жанар т.б. 

2000 жыл Нұрмұханова А.Н. зейнеткерлікке кетіп, орнына Түстікбаева Ә.Қ. 2001 жылы 20 ақпанда директор болып тағайындалды. 

2005 жылы Айтжанова Бақыт деген оқушымыз медальмен бітірді. 2001 жылы Шариф-Оглы Х.Д. оқу ісінің меңгерушісі болып, Құсайынова Ғ.З. тәрбие ісінің меңгерушісі болып тағайындалды

2002 жылы мектепте ауыл тарихы жайлы мұражай ашылған. 2008 - жылы мектеп жанынан 50 балаға шағын балабақша орталығы ашылды. 3- ші оқу ісінің меңгерушісі болып Смайылова Жанат Тұрсынқожақызы бекітілді. 

2009 жылы Түстүкбаева Ә.Қ. зейнеткерлікке кетіп, Наурызбаев А.С. директор болып тағайындалды. 2015 жылы Наурызбаев А.С. басқа мектепке ауысуына байланысты 2015 жылдың қыркүйек айынан  мектебімізге Сатиева Г.Т. директор болып тағайындалды. 2017 жылдың наурыз айынан басқа мектепке ауысуына байланысты, 2017 сәуір айынан бастап мектебімізге Торегелдиев М.Т. мектеп директорының міндетін атқарушы болып тайғайындарды. 2017-2021 жылдары директор Торегелдиев Мақсатжан Талғатбекұлы тағайындалды.  2021 жылы басқа мектепке ауысуына байланысты , 2021 қыркүйек айында Байтымбетоа Ш.О. мектеп директорының м.а. болып тағайындалды.

Мектеп түлектерінен көптеген оқушыларымыз ауылдың әкімі, заңгер, дәрігер, мұғалім, ауыл шаруашылығы, сауда т.б. салаларда қызмет атқарады.  

Похожие публикации:

18 февраль 2022 Мектеп әкімшілігі
20 апрель 2017 Ұжым
20 апрель 2017 Ұжым
20 апрель 2017 Ұжым
20 апрель 2017 Ұжым