Кітапхана
Жаңадәуір ауылы "№5 орта мектеп"МКМ кітапханасында Қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдағы жарық жұлдыздарының бірі, Алтайдың асыл перзенті жазушы, драматург Оралхан Бөкейдің туғанына 80- жыл толуына орай кітапхана меңгерушісі Баяхметова Қарлығаш оқушыларға өмірбаяны, повесть әңгімелері, өлеңдерімен кеңінен таныстырды. Кітапханашы Камбарова Гүлжан көрмедегі шығармаларын таныстырды. Оқушылар Алтайдың асқақ жыршысы Оралхан Бөкейдің шығармаларын ортаға салып әңгімелеп берді. Кеш тартымды өтті.