"МЕКТЕПКЕ ЖОЛ" Республикалық акциясы басталды.


«Мектепке жол» республикалық акциясы мектеп оқушыларын жалпыға бірдей міндетті біліммен қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылдың 1 тамыз 30 қыркүйек аралығында өткізіледі.
Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда, атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады.

Акцияның мақсаты - аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.


Науқанға кез-келген адам қатыса алады: барлық азаматтар, N47 орта мектеп ұжымы, еріктілер, бизнесмендер, кәсіпкерлер, меценаттар және т.б.

Contacts телефоны:
+7 707 899 87 97 әлеуметтік педагог Амитова Алия Ходжабайқызы