29
февраль
2024
УАҚЫТ БЕЛДЕУІНІҢ АУЫСУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ТИІСТІ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы аумағында уақыт есептеу тәртібі туралы» 2024 жылғы 19 қаңтардағы №20 Қаулысы негізінде ағымдағы жылдың 29 ақпанынан 1 наурызға қараған түні (сағат 00 де) жергілікті уақыт 1 сағатқа артқа ауыстырылады. Яғни, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында 5-ші сағаттық белдеу қолданылады. Осыған орай, білім алушылар мен олардың ата-аналарына, заңды өкілдеріне, педагогтерге ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.