Оқушылардың дұрыс тамақтануы — маңызды мәселе » №5 ОРТА МЕКТЕП
Almaty region
Municipal public institution
"Secondary school №5"
Education Department of Ili district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 43-50-93
Version for
visually impaired
» » Оқушылардың дұрыс тамақтануы — маңызды мәселе
25
January
2024

Оқушылардың дұрыс тамақтануы — маңызды мәселе

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 бұйрығының 10-қосымшасына "Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік қызметті көрсету ұйымдастырылған. Қызмет көрсетуші- ЖК «Адиса».

             2023-2024 оқу жылынан бастап 1-4 сыныптан 503 білім алушы әлеуметтік мәртебесіне қарамастан тегін және жеңілдетілген тамақтандырумен қамтамасыз етілген. Ал 5-11 сыныптағы білім алушылардың ата-аналары стандартқа сай құжаттар жинайды. Қазіргі таңда 39 білім алушы тегін және жеңілдетілген тамақтандырумен қамтамасыз етілген. Асхананы жалға алушы есебінен 10 білім алушы тегін тамақтанады. 

            Мектеп асханасының жұмысын бақылау мен білім алушылардың сапалы тамақтануын қамтамасыз ету мақсатында бракеражды комиссия құрылған. Оның құрамында мектеп директоры, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, медбике, әлеуметтік педагог, ата-аналар комитетінің төрайымы бар.